1) Дауларды шешудің баламалы әдістерін дамытуға, құқық доктринасын дамытуға, бірыңғай сот, төрелік және медиация тәжірибесін қалыптастыруға және заңнаманы жетілдіруге жәрдемдесу;
2) Істерді қарау және шешу кезінде заңдылықты қамтамасыз етуде соттарға/төреліктерге жәрдемдесу;
3) Халықаралық және жеке құқық субъектілерінің, қазақстандық/шетелдік/халықаралық соттар мен арбитраждардың кәсіби сараптамалық қорытындыларды/пікірлерді алу мақсатында сот/төрелік процестерге үздік қазақстандық және шетелдік сарапшыларды/мамандарды тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының құқығы (соның ішінде коллизиялық нормалар), халықаралық және шетелдік құқық;
4) Құқық саласындағы академиялық және практикалық білімді дамытуға үлес қосу (басылымдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, біліктілікті арттыру бойынша практикалық тренингтер, ғылыми жұмыстарды таңдау бойынша ұсыныстар және т.б.);
5) Жеке жобалар бойынша ad hoc комиссияларды, комитеттерді, жұмыс топтарын құру;
6) Конституциялық Соттың және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын талдау және қорытындылар мен ұсынымдар беру;
7) Құқық саласындағы сарапшылардың/мамандардың мәртебесін көтеру, сарапшылардың өзіндік ішкі рейтингін белгілеу және үздіктерді «Заңғар заңгер» құрметті мемлекеттік атағын берумен марапаттау.